Егер 3000м биіктікте термометр 0ºС көрсетті.Бұл кезде тау етегінде қандай ауа температурасы болады?

Температураның жылдық өзгерісі

Ауа температурасының жылдық өзгерісі. Көп жылдық орташа температура.Температураның жыл ішіндегі өзгерісі Жердің Күнді айналу жолындағы орнына байланысты (жыл мезгілдерінің ауысу себептерін естеріңе түсіріңдер).

Жаздакүн сәулелері жер бетіне тік түседі де, оны жақсы жылытады. Оның үстіне күн ұзақ. Қыста керісінше күн сәулелері жерге көлбей түседі. Әрі күн қысқа. Сондықтан жер бетіне жылу аз келеді. Солтүстік жарты шардағы ең жылы ай шілде, ең суық ай – қаңтар. Оңтүстік жарты шарда керісінше (неліктен?) Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температуралардың айырмасы ауа темпераурасының о р т а ш а ж ы л д ы қ а м п л е т у д а с ы деп аталады.

Әр айдың орташа температурасы бір жылдан екінші жылға ауытқып отыруы мүмкін. Сондықтан неғұрлым көп жылдық орташа температуралар алынады. Бұл жағдайда бірнеше жылғы орташа айлық температуралар жиынтығы жыл санына бөлінеді. Сонда айдың көп жылдық орташа температуралар жиынтығы жыл санына бөлінеді. Сонда айдың көп жылдық орташа температурасы шығады.

Айлар Жылдық орташа температура
I II III IV V VI VII VII VIII IX X XI XII
-14º -11º -3º 10º 18º 22º 20º 12º -5º -12º +3,8ºС

Әр дайым көп жылдық орташа температураларының негізінде ж ы л д ы қ о р т а ш а т е м п е р а т у р а л а р есептен шығарылады. Ол үшін айлық орташа температуралардың жиынтығы ай ай санына бөлінеді. Оң (+ ) температуралардың жиынтығы +90ºС. Теріс (-) температуралар жиынтығы -45ºС. Сонда орташа жылдық температура (90ºС-45ºС) ; 12=+3,8ºС.

Ауаның температурасын өлшеу.Ауаның температурасы термометрмен өлшенеді. Термометрге күн сәулелері тікелей түспеуі керек. Өйткені тікелей күн көзіне қойған жағдайда термометрдің өзі қызады да, ауа температурасының орнына өзінің шынысы мен сынабының температурасын көрсетеді.

Ауа райын бақылайтын стансаларда термометр жан-жағында желбезек тәріздес саңылаулары бар қораптың ішіне қойылады. Желбезектер термометрге ауаның еркін өтіп тұруына қолайлы жағдай жасайды,сонымен бірге оған күн көзін түсірмейді. Қораптың есігі міндетті түрде солтүстік жаққа қарап ашылады. (неге?).

Термометр

Жаттығулар орындату:

1)Егер ауаның tº -сы таудың баурайында +26 º болса ал шыңында -10 º С болса таудың биіктігі қандай?

Жауабы :6 км

Егер 3000м биіктікте термометр 0ºС көрсетті.Бұл кезде тау етегінде қандай ауа температурасы болады?

Шешуі: 3000 м׃1000 м = 3

6 º х 3 =18 ºС жауабы тау етегінде +18 º С

 

.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабаты қоршап жатыр.Ол – Жердің ең сыртқы қабығы. | Настройка службы FrontolService




Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 4461;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.