Жүректің өткізгіштік жүйесінің қызметтері.

Ырғақты ипульстердің өздігінен өндірілуі синус- жүрекше түйінінің көптеген жасушаларының үйлесімді қызметінің нәтижесі болып табылады. Осы жасушалардың үйлесімді қызметі олардың тығыз байланысы (нексустер) арқылы және электротонды өзара әсерлесуі арқылы қамтамасыз етіледі. Синусты- жүрекше түйінінде пайда болған қозу өткізгіштік жүйе арқылы жиырылғыш миокардқа беріледі.

Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшелігі- әрбір жасушаның қозуды өздігінен өндіру қабілеттілігі. Қалыпты жағдайда синусты-жүрекше түйіні минутына 60-80 электр импульстерінқорытып шығарып, оны жүректің өткізгіштік жүйесіне бірқалыпты таратып тұрады. Синусты-жүрекше түйінінен алыстауына қарай өткізгіштік жүйенің әртүрлі бөлігінің автоматияғақабілеттілігі төмендейді, ол автоматия градиенті деген шамамен анықталады.

Әдетте өткізгіштік жүйенің төмен орналасқан бөліктерінің автоматиясы синусты- жүрекше түйінінен келетін жиі импульстермен жойылады.

* Синусты- жүрекше түйіннің зақымдануы не істен шығуы кезінде жүрек ырғағын жүргізушінің ролін жүрекше- қарынша түйіні атқарады. Осы кезде импульстер минутына 40-50рет пайда болады.

* Егер осы түйін істен шықса, онда жүрек ырғағын жүргізуші жүрекше- қарынша шоғырының (Гис шоғыры) талшықтары болады.

Осы кезде жүректің жиырылу жиілігі минутына 30-40-тан артпайды.

* Егер осы жүргізуші істен шығатын болса, онда қозу үрдісі Пуркинье талшықтарының жасушаларында өздігінен пайда болуы мүмкін. Осы кезде жүрек ырғағы өте сирек болады- минутына шамамен 20рет.

Жүректің өткізгіштік жүйесінің айрықша ерекшілігі оның жасушаларында жасушааралық контактінің (тиіспелер)– нексустардың көп мөлшерде бар болуы. Осы контактілер (тиіспелер) қозудың бір жасушадан басқа жасушаға берілетін жері болып табылады. Осындай контактілер өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды жасушаларының арасында да болады. Контактінің болуы арқасында жеке жасушалардан тұратын миокард біртұтас жүйе түрінде жұмыс жасайды. Жасуашааралық контактінің көп болуы миокардта қозудың таралу сенімділігін арттырады.

Синусты- жүрекше түйінінде пайда болған қозу жүрекшелер арқылы таралып, жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйініне жетеді. Жылы қанды жануарлардың жүрегінде синусты- жүрекше мен жүрекше- қарынша түйіндері арасында, оң және сол жүрекшелер арасында арнайы өткізгіштік жолдар болады. Осы өткізгіштік жолдардағы қозудың таралу жылдамдығы жұмысшы миокард бойымен қозудың таралу жылдамдығынан біарз ғана артық болады. Бұлшықет талшықтарының кішкене қалындығы және олардың ерекше тәсілмен бірігуі арқасында жүрекше- қарынша түйінінде қозудың таралуы бөгеледі. Осының салдарынан жүрекше - қарынша шоғырына және жүректің өткізгіштік миоциттеріне (Пуркинье талшығы) қозу тек жүрекшелер бұлшықеттері жиырылып үлгеріп, қанды жүрекшеден қарыншаға ығыстырып үлгергеннен кейін ғана жетеді.

Ендеше атриовентрикулярлы кідіріс (бөгелу) жүрекшелер мен қарыншалардың тізбекті жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрекше – қарынша шоғырында және диффузиялы орналасқан жүректің өткізгішітік миоциттерінде қозудың таралу жылдамдығы 4,5-5 м/с-ке жетеді, ол жұмыс миокардымен қозудың таралу жылдамдығынан 5 есе жоғары. Осының арқасында қарыншалардың миокард жасушалары бірдей жиырылады, яғни синхронды. Жасушалардың жиырылу синхрондылығы миокардтың қуатын және қарыншалардың ығыстырушы қызметінің тиімділігін артырады. Егер қозу жүрекше- қарынша шоғыры арқылы таралмай, жұмыс миокардының жасушалары арқылы таралса, яғни диффузиялы, онда асинхронды жиырылу уақыты біршама ұзақ болушы еді, миокард жасушаларын жиырылуға бір мезгілде қатыспай, біртіндеп қатысушы еді және қарыншалар өзінің қуатының 50%-ын жоғалтушы еді.

Сөйтіп өткізгіштік жүйенің болуы жүректің бірқатар маңызды физиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді:

1) импульстердің ырғақты өндірілуін (әрекет потенциалы);

2) жүрекшелер мен қарыншалардың тізбекті жиырылуын;

3) қарыншалар миокардының жасушаларының жиырылу үрдісіне синхронды қатынасуын (ол систоланың тиімділігін арттырады).








Дата добавления: 2015-11-01; просмотров: 7127;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.