Сыныптың тәрбие жүйесі

Сыныптың тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.

Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес , басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.

Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:

- оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі ;

- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);

- кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.

Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары:

1. Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі.

2. Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм, ұлтжандылық, жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік .

3. Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдау .

4. Оқушыларды мәңгілік ,басым құндылықтарға бағыттау .Олар: Отан,отбасы, адам, білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілілк, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б.

Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:

- Әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;

- Баланың нені қажет ететінін түсіну және білу ;

- қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну ;

- бала құқығын білу және оны сыйлау (жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал жамандыққа әділдікпен жауап бер);

- барынша мәдениет пен білімділікті дамыту

Сыныптың тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті:

1. жеке дара-топтық;

2. құндылық-бағдарлы

3. атқарымдық-әрекеттік

4. кеңістіктік-уақытты

5. диагностикалық-нәтижелілік

Жеке-дара-топтықкомпонент бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы .Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше бөліктерден тұрады:

сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар,

пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар.

Сыныптың тәрбие жүесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап,жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, ұстанымы, әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі,екінші жағынан әдейі бағытталған және бірлескен әрекет, қарым қатынастың еріксіз ықпалының нысаны.

Құндылық-бағдарлы компоненті.Ол келесі жиынтықтан тұрады:

ü Тәрбие жүйесінің маңыздылығы;

ü Мақсат, міндеттері;

ü Сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы

ü Сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы.

Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарым-қатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбиелеудегі құндылықтардың басымдылығы мен олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, кейбіреуінде қарым-қатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі.Сондықтан әр сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни кез-келген жолмен жеңіске жету ме,әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.

Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады:

üСыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін,қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері;

üТәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері

üСыныптың күнделікті тіршілігін,өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету,

Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды.

Кеңістіктік-уақытты компоненті.Ол келесі бөліктерден тұрады:

ü Сынып оқушыларының тіршілік-әрекетіндегі,күнделікті дамуындағы адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, жағдайы;

ü Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші балалармен қарым-қатынас жасайды.Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын оқушылармен тіл табыса алмай жатады;

ü Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу қабілетіне қараймыз.Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі;

ü Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. Тәрбие жүйесі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген,жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып,оның нығаюына атсалысқаны дұрыс.Сондықтан кейбір шараларды параллель сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды.

Диагностикалық-нәтижелілік компонеті. Ол келесі бөліктерден тұрады:

ü Тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;

ü Тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері

 

Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады.

­ Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері;

­ Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі;

­ Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы ;

­ Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;

­ Сыныптың абырой беделі;

­ Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қортынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұн, мағынасы туралы таныстырылды. Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі.

­

Тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуында келесі 4 кезеңді атауға болады:

1-кезең – жүйені жобалау (бұл кезеңде сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін,мінез-құлқын, т.б ерекшеліктерін зерттеу жұмысы атқарылады);

2 кезең – жүйенің қалыптасуы (бұл кезеңде оқушылардың өзара қарым-қатынастарының қалыптасып, ұжымдық бірлікті сезінуіне бағытталған бірлескен әрекеттерге ерекші мән беріледі, сыныптың жеке дәстүрлері қалыптасады.);

3 кезең - жүйенің тұрақты жұмыс істеуі (өзіндік бастаманы,өз бетімен әрекет етуді дамыту, қабілеттерінің дамуына қолайлы орта қалыптастырылады);

4 кезең – жүйе жұмысын аяқтау немесе қайта жаңарту (бұл жерде екі бағыт болуы мүмкін: бірі сыныптағы ең үздік әрекеттің,әдістің барлық мектептің игілігіне айналуы; екіншісі – жаңа әдіс, әрекет, тәсілдерді табу арқылы сынып тіршілік-әрекетін жаңарту).

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 7908;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.