Сурет 2 – Іліністің жетектелетін дискі

 

Іліністің басқышынан (педаль) күш механизмге механикалық (иінтіректік (рычаг) немесе арқандық (торос)) немесе гидравликалық жетекпен беріледі.

Ілініс басқышына басу (қысу, ажырату) іліністің дисктерін айырады, нәтижесінде олардың арасында бос кеңістікті қалдырады, ал басқышты жібе-ру (қосу) жетекші мен жетектелетін дисктерді тығыз қысуға алып келеді.

Қосылған ілініс кезінде айналу моменті иінді біліктен сермерге (маховик), содан кейін іліністің себетіне (кожух) және пластиналық серіппелер арқылы жетекші (қысқыш) дискке беріледі. Үйкеліс күштерінің арқасында, сермерден (маховиктен) және жетекші қысқыш дисктен айналу моменті олардың арасында қысылған жетектелетін дискке беріледі, оның күпшегі (ступица) беріліс қорабының жетекші білігімен оймакілтік (щлицтік) қосылысқа ие.

Іліністі ажырату үшін басқышқа (педаль) басады, ол тартқыштар мен иінтіректер (рычаг) жүйесі арқылы ашаға (вилка), муфтаға, иінтіректерге (рычаг) күшті береді және сұққы (палец) жетекші басқыш дискті артқа қарай апарады. Бұл кезде серіппелер қысылады және жетектелетін дискті босатады, оның екі жақтары бойынша саңлаулар түзіледі. Қосдискілік іліністе қажетті саңлауларды қамтамасыз ету үшін жетекші мен жетектелетін дисктер арасында ажыратылған күйде ығыстыру (отжимной) серіппелер мен аралық дисктің реттеуіш бұрандаға (болт) бар. Басқышты (педаль) бірқалыпты жіберу кезінде қысқыш серіппелер ажырату механизмінің барлық бөлшектерін алғашқы орнына қайтарады, жетектелетін диск жетекші (қысқыш) диск пен сермерге (маховик) қысылады.

Іліністің жетектелетін дискі серіппелік пластиналары бар дисктің өзінен тұрады, пластиналарға бір-бірінен тәуелсіз екі фрикциондық жапсыр-малар (накладка) тойтарылған немесе жапсырылған. Жапсырмалардың мұндай бекітуі ажыратылған ілініс кезінде олардың айырылысын қамтамасыз етеді, іске қосу кезінде серіппелік пластиналар, бірқалыпты қосылуын қамтамасыз ете отырып, біртіндеп қысылады. Ілініс дискінің орталық бөлігі – күпшек (ступица) – оймакілтік (шлиц) қосылысқа ие және беріліс қорабының бірінші білігі бойынша жылжиды. Күпшек (ступица) дискпен, демферлі серіппелер мен айналмалы тербелулерді өшіргіштің (гаситель) фрикциондық шайбалары (суреттен көрінеді) арқылы, жылжымалы қосылған. Олар айналу қозғалтқыштан жетекші дөңгелектерге және кері беру кезінде айнымалы жүктемелер мен масса инерциясының әсерінен шарасыз пайда болатын, айналу моментінің тербелістерін тегістеу үшін қызмет етеді. Кейбір жағдайларда бұл тербелістер біліктердің сынуына алып келуі мүмкін.

Іліністі келесідей жіктейді:

· Басқару тәсілі бойынша – механикалық, гидравликалық, электрлік немесе құрамдастырылған (комбинированный) жетегі (мысалы, гидромеханикалық) бар ілініс.

· Үйкеліс түрі бойынша – құрғақ (фрикциондық жапсырмалары (накладка) ауа ортасында жұмыс істейді) және сулы (майлы ваннада жұмыс істейтіндер).

· Іске қосу тәртібі бойынша – үнемі тұйықталған және үнемі емес тұйықталған.

· Жетектелетін дисктердің саны бойынша – бір-, екі- және көпдискілік.

· Басқыш серіппелерінің типі мен орналасуы бойынша – бірнеше цилиндрлік серіппелердің басқыш дисктің перифериясы бойынша орналасуымен және орталық диафрагмалық серіппемен.

· Айналу моментінің беріліс ағындарының саны бойынша – бір және екі ағындық (мысалы, 1: қозғалтқыш → АБҚ (айынымалы беріліс қорабы) және 2: қозғалтқыш → қуаттылықты таңдау білігі).








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2198;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.