Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар

Қиып алу, көшіру және кірістіру операциялары алмастыру буферінің көмегімен орындалады.

Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға ауыстырғанда қайдан және қайда орналастыратынымызды айқындап көрсету қажет. Орын ауыстыруды орындау үшін ұяшықты немесе блокты (қайдан) ерекшелеп аламыз да, оған тышқан меңзерін алып барамыз, сол сәтте меңзер ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Сонан соң ерекшеленген блокты не ұяшықты тышқанмен іліп алып, мәліметтерді қайда орналастыру керек болса, сол орынға алып барамыз.

Көшірме алу кезінде түпнұсқа мәлімет өз орнында калады, ал басқа орында оның көшірмесі пайда болады. Көшірме алу операциясы орын ауыстыру әрекеті тәрізді жүргізіледі, бірақ мұнда Сtrl пернесі басулы күйінде болуы тиіс.

Толтыру маркерін пайдалану арқылы көшірме алуға болады. Курсорды ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне алып барсақ, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркерідеп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру орын ауыстыру сияқты орындалады, бірақ бұл сәтте меңзер ұяшықтың немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс (қара плюс түрінде). Толтыру кезінде бастапқы ұяшықтағы немесе блоктағы мәлімет тышқанның батырмасын басып тұрып бірнеше рет қайталана алады. Ол әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.

Егер ұяшықтар мен блоктардағы мәліметтерді (сандар, мәтіндер және формулалар) жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяшықтарды тазалау үшін оларды ерекшелеп алып, Түзету(Правка) – Тазалау(Очистить)командасын орындау керек. Сол сәтте шығатын ішкі мәзірде нақты нені: мәліметтерді, безендіру элементін, ескертуді немесе бәрін бірдей тазалау керектігін көрсету керек.

Бірнеше ұяшықты біріктіру үшін біріктірілетін ұяшықтарды ерекшелеп алып, батырмасын басамыз.

Бағаналарды, жолдарды және блоктарды жою үшін, алдымен қажетті элементті ерекшелеп алып, содан кейін Түзету(Правка) – Жою(Удалить) командасын пайдалану керек. Жойылған объектілер орны бос калмай, төменгі жолдағы немесе оң жақтағы бағаналар мәліметтері жоғары не солға жылжып, сол орындарды толтырады.

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2300;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.