Сурет. «Кестені кірістіру» терезесі

 

Кестені мәліметтермен толықтыру үшін меңзерді қажетті ұяшыққа қойып, мәліметті енгіземіз. Келесі ұяшыққа Tab пернесі немесе ↑, ↓, ←, → пернелері арқылы көшуге болады. Түзету командаларын орындау үшін ұяшықтарды, жолдарды немесе бағаналарды таңдап алу керек. Microsoft Word кестені, жолдар мен бағаналарды толығымен таңдап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін Кесте мәзіріндегі Кестені ерекшелеу, Жолды ерекшелеу, Бағананы ерекшелеу командалары пайдаланылады.

Кестені даярлап, оны мәліметтермен толықтырған соң, кестедегі мәліметтердің орнын ауыстыру қажет болып жатады. Word редакторы кесте ұяшығындағы мәліметтерді басқа ұяшыққа ауыстыруға көптеген мүмкіндіктер береді. Ол үшін орнын ауыстыратын ұяшықтарды белгілеп алып, меңзерді қажетті ұяшықтарға апарамыз, сонда ұяшықтардың мәліметтері алмасады.

Жаңадан даярланған кестеде барлық ұяшықтардың биіктігі бірдей болады. Мәтінді енгізу барысында ұяшық биіктігі енгізілген жолдар санына сәйкес өзгеріп отырады.

Кестеге жолдар немесе бағаналар кірістіру үшін Кесте(Таблица) мәзірінің Жолдарды кірістіру немесе Бағаналарды кірістіру командасы қолданылады. Бірнеше қатар орналасқан ұяшықтарды біріктіру үшін біріктірілетін ұяшықтарды белгілеп, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру командасын орындаймыз. Ұяшықтарды бөлу үшін бөлінетін ұяшықты белгілеп алып, Кесте – Ұяшықтарды бөлу командасын орындаймыз. Экранда пайда болған «Ұяшықтарды бөлу» сұқбаттасу терезесінде бағаналар мен жолдар санын көрсетеміз.

Кестеде математикалық есептеулер жүргізуге болады. Ол үшін Кесте мәзірінің Формула командасы қолданылады. Ең жиі қолданылатын автоқосынды командасы терезенің жоғары жағында орналасқан. Кестедегі мәліметтерді өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға болады.

Кестелермен жұмыс істеу барысында мәтін немесе сурет қосу үшін кестені екі бөлікке бөлу қажет болуы мүмкін. Ол үшін меңзерді бөліну сызығынан кейінгі жолға орналастырып, Кесте - Кестені бөлу(Таблица-Разбить таблицу) командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+Епter пернелер комбинациясын басамыз. Нәтижесінде кесте екі бөлікке бөлінеді, ал екі бөліктің арасына калыпты форматталған абзац маркері қойылады. Егeр бөлуді тоқтатқымыз келсе, яғни бұл әрекетті болдырмау үшін абзац маркерін алып тастау жеткілікті.

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 1959;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.