Жаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару

Microsoft Word программасы іске қосылған соң, экранда 1-құжат атауымен бос терезе пайда болады. Келесі құжаттар 2-ші, 3-ші және т.с.с жалғаса береді. Жаңадан ашылған құжат кәдімгі (обычный) нұсқа бойынша жасалады.

Жаңа құжат құру үшін Файл – Құру командалар тізбегін орындайды. Осы әрекетті стандартты аспаптар тақтасындағы батырмасын басу арқылы немесе Ctrl+N пернелер комбинациясы көмегімен де іске асыруға болады. Нәтижесінде пайда болған құжатқа қалауымызша жаңа атау беріп, сақтауға болады.

Егер дискіде сақталған құжатты ашу қажет болса, онда Файл – Ашу командалар тізбегі немесе батырмасы пайдаланылады. Ctrl+O пернелер комбинациясы да сақталған құжатты ашу қызметін атқарады. Экранға шыққан «Құжат ашу» терезесінен құжат орналасқан буманы таңдап, бумада орналасқан құжаттар тізімінен керекті құжатты таңдаймыз.

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2226;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.