Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері

1-ереже. Ондық санақ жүйесінде берілген бүтін санды екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды санақ жүйесінің негізіне, яғни 2-ге (8-ге немесе 16-ға) бөледі. Бөлуді негізден кіші сан шыққанға дейін жалғастырады. Алынған нәтижені соңынан бастап жазады.

Түсінікті болу үшін мысал келтірейік: ондық санақ жүйесінде берілген 19 санын екілік санақ жүйесіне ауыстыру қажет. Ол үшін жоғарыдағы ережені пайдаланамыз, яғни 19 санын санақ жүйесінің негізі 2-ге бөлеміз. Бөлуді екіден кіші сан шыққанға дейін жалғастырып, алынған нәтижені соңынан бастап жазамыз.

 

 
 

 

 


Нәтижесі - саны.

Ондық санақ жүйесінде берілген 19 санын сегіздік және оналтылық санақ жүйелеріне ауыстырайық:

 

 
 
 

 


2-ереже. Екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесінде берілген бүтін санды ондық санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санның цифрларын санақ жүйесі негізінің, яғни 2-нің (8-дің немесе 16-ның) дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосады. Алдыңғы мысалдарды тексерейік:

,

,

.

3-ереже. Ондық санақ жүйесінде берілген бөлшек санды екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санды санақ жүйесінің негізіне, яғни 2-ге (8-ге немесе 16-ға) көбейтеді. Көбейту нәтижесінде алынған бүтін сан үтірден кейінгі санды береді. Көбейту бөлшек бөлік нөлге айналғанға дейін жалғасады.

0,8125 санын екілік және сегіздік санақ жүйесіне ауыстырайық:


 

 

Бүтін Бөлшек
*8
*8

 


 

Нәтижесінде және .

4-ереже. Екілік (сегіздік немесе оналтылық) санақ жүйесінде берілген бөлшек санды ондық санақ жүйесіне ауыстыру үшін берілген санның цифрларын санақ жүйесі негізінің, яғни 2-нің (8-дің немесе 16-ның) теріс дәрежелеріне көбейтіп қосады.

Алдыңғы мысалдағы сандарды тексерейік:

.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2524;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.