Олданушылардың есептік жазбаларын жою

Қолданушылардың есептік жазбаларын жою оны құрудан оңай. Есептік жазбаны жою үшін, есептік жазбаны Қолданушылар және Топтар(Users & Groups) панеліндегі есептік жазбалар тізімінен тауып, белгілеп, тізімнің төмен жағындағы "–" минус батырмасын басу керек. Есептік жазбаны жойғанда бір сұрақ туындайды: қолданушының үй папкасындағы файлдарды не істейміз.

Егер үй папкасындағы мәліметтер көлемі үлкен болса варианттар терезесі ұзақ уақаттан кейін шығуы мүмкін.

Есептік жазбаны жойған администратор осы үш варианттың бірін таңдауына болады.

1. Қолданушы папкасын диск ретінде сақтау. Қолданушының үй папкасы диск ретінде архив болып сақталады.Файл диск ретінде Қолданушылар / Жойылған қолданушылар(/Users/Deleted Users) папкасында сақталады. Бұл әдіс үй папкасын сақтаудың ең оңай жолы.

Есте сақтаңыз, архивті диск құру үшін локльды жүйеде жеткілікті орын болуы керек. Бұл процесс көп уақыт алуы мүмкін (үй папкасының көлеміне байланысты).

 

 

2. Қолданушының папкасын ауыстырмау. Папка өзгеріссіз қалады, тек аты өзгереді. Үй папкасының ізіне оның жойылғанын білдіру үшін "(Deleted)" сөзі қосылады. Жойылған қолданушының үй папкасына қарапайым үй папкасына тән шектеулер қолданылады. Бұл әдіс архивация әдісіне қарағанда аздау орын алады.

3. Қолданушы папкасын жою. Үй папкасының құрамы жойылады. Обьектілер Корзина(Trash) папкасында сақталмайды, сондықтан осы әдісті пайдаланғаннан кейін жойылған обьектілерді қайтып қалпына келтіру оңай болмайды.

Осы әдісті қолдану арқылы үй папкасын жою өте жылдам әдіс болып табылады. Папка құрамын басқа құрылғылар арқылы қайта қалпына келтіруге болады.

Миграция ассистентінің утилитасы (Migration Assistant)

Қолданушының үй папкасын қайта қалпына келтірудің ең жақсы әдісі –олМиграция ассистентінің утилитасы (Migration Assistant) арқылы істеу. Бұл үй папканы немесе есептік жазбаны бір Мас компьютерінен екіншісіне көшіретін өте ыңғайлы қосымша. Жоғарыда айтылғандай, Миграция ассистентінің утилитасы Setup Assistant утилитасының бір бөлігі ретінде ғана берілетін. Алайда, бұл қосымшаны кез-келген уақытта қолдануға болады / Программалар / Утилиталар /

Миграция Ассистенті (/Applicatins/Utilities/Migration Assistant). Іске қосылған Миграция Ассистенті мәліметтерді тез әрі оңай көшіреді. Қысқаша айтқанда, Миграция Ассистенті барлық командаларды автоматты түрде өзі орындайды. Мәліметтерді көшіруді екі компьютерлерді бір-біріне жалғап, немесе FireWire арқылы бір желіге жалғау арқылы жасауға болады. Миграция Ассистенті Time Machine архивтерінен локальды немесе желі арқылы қайта қалпына келтіре алады. Және де Миграция Ассистенті утилитасы Windows дербес компьютерінен мәліметтерді көшіруге мүмкіндік береді.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1482;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.