Дәріс. Mac OS X Mountain Lion жұмыс столы.

 

 

– Адрес кітапшасы – мұнда iPad-версиясына ұқсайтын интерфейс қолданылады. Yahoo! және FaceTime қолдау енгізілген;

– iCal – қолданушылар интефейсінің жаңартылуы, Full-Screen(толық экран) режимін қолдайды;

– Emoji – Emoji әмбебап иконкаларын қолдау енгізілген;

– Resume – бұл қосымша қолданушы оны қай жерде жапса, сол жерде ашылады;

– Mac App Store – iOS үлгісіндегі қосымшалар дүкені. Мобильдік iOS секілді клиенттерді кнопканы бір рет басу арқылы орнату және кнопканы бір рет басып барлығын немесе таңдалаған қосымшаларды жаңарту мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Mac App Store 2011 жылы 6 қаңтарда Mac OS X Snow Leopard үшін шығарылған және Mac OS X 10.6.6 жиынтығында болған;

– Launchpad – папкаларды біріктіруге болатын иконкалы қосымшалар панелі;

– Толық экран режимі – Mac OS X-тің жаңа версиясы көлемі кіші қосымшаларды толық экранға шығарып жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

– Mission Control – ағымдағы қосымшаны көру, Mac OS функциясының басқа интеграциясы , Exposé, Spaces, Dashboard, және Full-screen apps;

– Multi-touch жесттері iOS-тағы сияқты ( Magic Mouse, Magic Trackpad және MacBook Late 2009 және жаңаларын қолдайды);

– Auto Save – құжаттың автоматты түрде сақталуы;

– «Возобновить» фунциясы – компьютер өшірілген немесе программадан шыққан кездегі күйге автоматты түрде келтіру функциясы;

– Жасырын скроллбарлар – сызықтар айнымалысы терезе маңында орналасады және айнымалы шықпағанда жасырын;

– iChat енді Yahoo! Messenger-ге кіруді қолдайды . iChat арқылы пайдаланушылар Yahoo! аккаунттарын пайдаланатын басқа пайдаланушымен сөйлесе алады;

– TextEdit шрифт таңдау және текстті белгілеу мүмкіндіктері бар жаңа графикалық панелі бар. TextEdit файлдардың автоматты түрде сақталуын қолдайды;

– Lion Recovery Disk Assistant – жүйені қалпына келтіру функциясы. Дискіні қалпына келтіруге және ОЖ-ні физикалық дисксіз қайта орнатуға мүмкіндік береді;

– OS X-тің осы версиясына iPad планшеттерінде жүзеге асырылған кейбір ұсыныстар кіреді.

2011 жылдың 24 ақпанында Apple жаңа ОЖ-дегі әрекеттерді көрсеткенде, OS X Lion жүйесінің мынадай жаңа функциялары мен мүмкіндіктері көрсетілді:

– Mail 5 жаңа версиясы автоматты түрде байланысқан хабарламалар топатамасын қолдайды, іздеу механизмінің жақсаруы, Microsoft Exchange 2010-ды қолдау және толық экран режимі.

– AirDrop – әртүрлі Mac құрылғылары арасында сымсыз интерфейс арқылы файлдарды көшірудің қарапайым механизмі.

– Versions – құжаттың әр түрлі версиясын автоматты түрде сақтау функциясы

– FileVault – локальдік және сыртқы жинақтаушыға шифрлайтын құрылғы.

– Safari толық экран режимімен және WebKit2 қимылымен[3].

10.8 OS X Mountain Lion. OS X-тің негізгі тоғызыншы шығарылымы (major release) болып табылады. Mountain Lion OS X Lion-мен салыстырғанда 200-ге жуық жаңа функциялардан тұрады. Жаңа ОЖ-нің іске қосылуы 2012 жылдың 25 маусымында Mac App Store -де құрылды.

ОЖ-де алдыңғы версиядан бастап «Mac» атауы жойылды (10.6 версияға дейін Apple операциялық жүйелерді Mac OS X деп атады).

Mountain Lion-ды құрастырудың басталуы туралы алғаш рет 2012 жылы 16 ақпанда жарияланды, ол кезде бірінші developer preview шыққан болатын. Жүйені бір жылға ерте шығару шешімі құрастырушылар үшін күтпегендік болды. Кейбір эксперттердің пікірі бойынша бұл Windows 8-дің тез шығуына байланысты.

Жаңа функциялар ( OS X Lion-мен салыстырғанда) :

– Диктовка – мәтіндегі тілдерді түрлендіруге мүмкіндік (орыс тілін қолдамайды);

– iCloud тығызырақ интеграфиясы – енді «бұлттарда» барлық құжаттар, белгілер, күнтізбелер мен файлдар сақталады. Автоматты түрде синхрондалады;

– Ескертулер ортасы – кез келген қосымшалардан тұратын қапталдағы панель. Компьютердегі соңғы оқиғаны бейнелейді;

– Хабарлама – iChat-тың iMessage-ге ауыстырылуы;

– Жазбалар – iOS-тағы аттас қосымшалардың ұқсастығы. Мұндай жазбаларға суреттер, файлдар қоюға және почта немесе iCloud арқылы хат алмасуға болады;

– Ескерту – кірістірілген жүйе мобильдік версияны толығымен көшіреді.

– Share – көптеген программаларда (мысалы, Safari, Просмотр фотографий және т.б) мәліметтерді әлеуметтік желілерге (Facebook, Twitter, Flickr және т.б.) бөлетін кнопка пайда болды;

–Twitter – ескертулер ортасынан және көптеген программалардан твитттерді жіберу мүмкіндігі;

– Facebook – Twitter-ге ұқсас интеграциялар;

– Gatekeeper – бұл функцияда жүйе қандай файлдар мен программалар пайдаланушылар арқылы ашылатынын және потенциалды қауіпті операцияларға шектеу қоюды бақылайды. Кез келген программа орнатуына толығымен шектеу қоюға, Mac App Store-дан ғана прорамманы орнатуға рұқсат ету мүмкіндіктері бар;

– Game Center – iOS-тағы Game Center компьютерлік версиясы;

– AirPlay Mirroring – Mac (2011 жылғы және жаңа үлгілер) экранында көріністерді Apple TV -ге жіберу мүмкіндігі;

– Power Nap – жаңа почтаның автоматты жүктелуі, резервті көшірме, ОЖ-нің ұйқы режимінде жаңартылуы.

 

 








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1513;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.