Сызба. Мемлекет берешегі

Қазақстан Рейпубликасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер борышты несиегерлердің түрлері (типтері) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиегерлерге де тиеді. Бүлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноттары мен еурооблигацияла-рын сатып алатын шетелдік жеке және заңцы үйымдар. Орналас-тырылған еурооблигацияларды өтеу мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың негізгі баптарының бірі болып отыр.

Жекеше несиегерлердің басқа тұрпаты - шетелдік коммерциялық банктер. Несиегерлер арасында Республика экономикасына берілген қысқа мерзімді жұмсалымдар айрықша танылып отыр. Ақшаны негізінен шетелдік қаржылық емес ұйымдар берді. Шетелдік коммерциялық банктердің үлесіне Қазақстанның кепілденбеген сыртқы борышының небәрі 23,6% ғана тиіп отыр. Ақшаны алған да негізінен банктер емес. Борыштың 86,9% өзіне отандық кәсіпорындар алды.

Донор-елдер арасында Жапония, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды елдері аса ірі несиегерлер болып отыр. Швейцариядан алынған сыртқы ресурстар 10% дейін және халықаралық ұйымдардан - 21% дейін артты.

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.

Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың кіріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және несие мекемелерінен қарызға алынған ақша қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері ретінде қаралады. Мемлекеггік борьш “ұлттың өзіне өзінің қарызы” ретінде қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі борышты басқару жөніндегі пайыздарды телеу қажеттігі түріңдегі оның белгілі бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:

1. Берешекті етеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттарының есебінен, яғни салық төлеушілердің есебінен жүргізіледі; сөйтіп, табыстар мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.

2. Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі мемлекетгің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуелділіктер қосылады; жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.

3. Жеке меншік кәсіпкерлердің "инвестицияларын ығыстыру" нәтижесі іс-әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногіне шыға отырып, ақша рыногінде бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесіңде ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жеке меншік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-тенді таза ұлттық өнімді азайтады.

Егер мемлекет ақша рыногінің оқшауландырылған қаражаттарын тұтыну мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.

Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптар бойынша ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұрғызатын өзгеше "қаржы пирамидасы" болып табылатын мемлекеттік қазынашылқ міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі артгырады.

Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандарына мыналар жа-тады:

Бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алған несиетер бойынша Ұлттық банкке берешек;

облигациялар және басқа бағалы қағаздар шыгарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.

Қазақстанда оның дербес дамуынан бастап, ішкі мемлекеттік борыштың өзгеше нысаңдары болды: ауыл шаруашылығы өнімнің, жеңіл өнеркәсіп шикізатының баға айырмашылығын өтеу және ауыл шаруашылығы өнімнің сатып алу бағасына сараланған үстемелер бойынша бюджеттің есептен шығарылған берешегі, мүның өзі белудің әкімшілік әдістері жағдайындағы баға сәйкессіздігінің нәтижесі болатын;

ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен су шаруашылығы ұйымдарының қырсыздығы, несие берудің және шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп әдістерінің қағидаттарын бұзушылық салдарынан болған банк несиелері бойынша есептен шығарылған берешегі;

"директивалық" несиетер деп аталатын нысандағы жинақталган, сондай-ақ ішкі республикалық есепке алу міңцеттемелеріне қызмет көрсету және оларды өтеу жөніндегі берешек. Директивалық несиетерді Ұлттық банк Қаржы министрлігінің кепіддіктерімен кәсіпорындар мен салаларға дағдарыс жағдайындағы олардың шаруашылық қызметін қолдау үшін беретін. Ішкі республикалық есепке алу кәсіпорындар мен ұйымдардың дебиторлық және несиеорлық берешектері бойынша өзара борыштарын өтеу үшін жүргізілді. Директивалық несиетер мен өзара есепке алуды пайдаланудың нәтижелері бойынша келеңсіз салдарларға байланысты ішкі несие берудің бүл нысандары бұдан былай қолданылмайды.

Ішкі мемлекеттік борыштың пайда болуы мен үдей түсуі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығынан туындайды. Қазақстан үкіметінің ішкі мемлекеттік борышы 2000 жылы еддің ЖІӨ-нің 3,4%-ын және жалпы борыштың (сыртқыны қоса) 13,2%-ын құрады, мұның өзі борыштың бұл түрінің біркелкі параметрлері ретіңде көрінеді.

Сыртқы мемлекеттік борыш - шетелдік несиегерлер турасында (жөнінде) белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.

Алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы бейрезиденттерімен келісім шарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы жалпы сыртқы борышты құрайды. Ол сыртқы мемлекеттік борышты және ішкі мемлекеттік борышты қамтиды. Сыртқы мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы өкіметінің, жергілікті атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент несиегерлері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Ішкі мемлекеттік борыш - үкіметтің, жергілікгі атқарушы органдардың және Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының қарызгер-резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас бөлігі.

Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді, олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.

"Мемлекеттік және мемлекет кепілдігімен қарыз алу және борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:

1) үкіметтік борыштың лимиті;

2) Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті;

3) жергілікті атқарушы орган қарызының лимиті.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1406;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.