Компаниялардың ағымдағы шығындарын басқару

Әрбір коммерциялық кәсіпорын табыстың көлемін ұлғайту мақсатында өнімді өндіруге жұмсалатын шығындардың көлемін, олардың көлемін анықтау процесінде тиімді шешім қабылдауға тырысады. Шығындар ― дегеніміз белгілі бір мақсатты орындау кезінде қолданылатын ресурстардың ақшалай нысандағы өлшем бірлігі.

Шығындардың жіктелуі:

Бірінші белгісі запастағы бағалау мақсатындағы шығындар екі түрге бөлінеді.

  1. Өнімге жұмсалатын шығындар
  2. Кезең шығындары.

Өнімге жұмсалатын шығындар дайын өнімді өндірумен байланысты шығындар. Бұл шығындар запастардың құнына қосылған шығындар ретінде қарастырылады. Өнімге жұмсалатын шығындардың құрамы негізгі материалдар және қосымша шығындардан тұрады. Өнімге жұмсалатын шығындар өндірістік шығындар деп те аталады.

 

Өнімге жұмсалатын шығындар

(өндірістік шығындар)

 

Негізгі материал Негізгі еңбек Өндірістік қосымша

шығындар

 

  1. шикізат 1. өндірістік қорлардың

амортизациясы

  1. материалдар 1. өндірістік жұмысшылардың 2. өндірістік негізгі

еңбегін өтеу объектілер бойынша

коммуналдық төлем

 

Кезең шығындарына өнімді өндіру кезеңдегі запастардың құнына қосылмайтын шығындар жатады. Оларға әкімшілік шығындар және өнімді өткізумен байланысты шығындар жатады.

 

Кезең шығындары

(өндірістік емес шығындары)

Өнімді өткізумен байланысты Әкімшілік шығындар шығындар

1. комиссиялық 1. компанияны басқарумен байланысты

2. жарнама шығындар

3. өткізумен байланысты 2. әкімшілік аппараттың іс-сапарлық

4. негізгі қорлардың амортизациясы шығындары

5. транспорттық құралдардың 3. әкімшілік аппараттың амортизациясы

6. амортизациясы

7. дайын өнімді сақтау және жеткізумен

8. байланысты шығындар

 

Классификацияның екінші белгісі өнімнің өзіндік құнына шығындардың жұмсалуына байланысты тікелей және жанама шығындар қарастырылады. Тікелей шығындар дайын өнімнің түріне байланысты материалдарды анықтау бойынша ресурстық шығындар. Тікелей шығындарға негізгі материалдарды алу шығындары және өндірістік шығындардың еңбекақы шығындары жатады. Жанама шығындарды нақты өнімнің белгілі бір түріне тікелей жатқызуға мүмкіншілігі болмағандықтан арнайы ставкаларды қолдана отырып, өнімнің түрлеріне бөлу қарастырылады. Өнім өндіру процесінде оптималды шешім қабылдау мақсатында шығындардың мінезі қарастырылады. Соған байланысты шығындар өзгермелі, тұрақты және аралас шығындары бар.

Шығындардың мінездемесі ― дегеніміз деңгейінің өзгеруіне байланысты шығындардың өзгеруі. Өзгермелі шығындар ― дегеніміз өндіріс көлемімен тікелей байланысты және өндіріс көлемі өзгерісіне тікелей пропорционалды түрде өзгеретін шығындар. Өзгермелі шығындарға шикізат, негізгі жұмысшылардың еңбекақысы және комиссиондық шығындар жатады. Өзгермелі шығындар өзінің құнын өнімнің құнынан бірден өткізеді. Тұрақты шығындар өнімнің құнына әр түрлі факторларға байланысты тозуына байланысты біртіндеп қосады. Тұрақты шығындар белгілі бір кезеңде өнім көлемінің өзгерісіне бірыңғай әсер етеді немесе өнімнің көлемі өскен сайын өнімнің бірлігіне тұрақты шығындар төмендейді. Тұрақты шығындарға амортизация, жалпы төлем, активтерді сақтандыру төлемі және әкімшілік шығындар жатады.

 








Дата добавления: 2015-11-20; просмотров: 2467;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.