Салыстырмалы диагностикасы. Түйінді жемсаумен көрінетін аурулар арасында жүргізіледі

Түйінді жемсаумен көрінетін аурулар арасында жүргізіледі. Оның негізінде ЖИАБ, УДЗ мәліметтері, сцинтиграфия мен гормональды зерттеулер жатыр.

 

Емі

Көп жағдайда ҚБ қызметінің бұзылмаған коллоидты пролифирлеуші түйінді жемсаудың көлемі кіші болып, компрессия мен косметикалық мәселелерді тудырмайды. Олардың ағза үшін патологиялық маңызы күмән туғызады. Әсіресе бұл көлемі кіші түйіндерге қатысты. Сонымен, түйінді (көптүйінді) пролифирлеуші жемсауды анықтағанда белсенді медикаментозды, тіпті инвазивті араласулар (операция, склеротерапия және т.б.) көптеген жағдайларда тағайындалмайды. Мұндай науқастарды динамикалық бақылау ҚБ-дің қызметі мен УДЗ бойынша периодты түрде жүргізіледі (1–2 жылда бір рет). Операцияға көрсеткіш косметикалық ақау немесе компрессиялы синдромға әкелетін едәуір көлемдегі жемсаумен шектеледі, бұл кезде альтернативті емдеу әдісі 131I терапия болып табылады. Кистозды компоненті бар түйінді коллоидты пролифирлеуші жемсауда ЖИАБ емдік манипуляция ретінде қарастырылады, себебі ол киста ішіндегі сұйықтықты эвакуациялауға мүмкіндік береді.

ҚД ісіктерін емдеу әдісі — оперативті, ал жоғары сараланған ҚД рагы кезінде тиреоидэктомия жүргізілгеннен соң 131I-пен терапия тағайындалады (3.11 бөлімді қараңыз). Егер ЖИАБ мәліметтері бойынша науқасқа солитарлы түйінді түзілістің дамуымен фолликулярлы неоплазия диагнозы қойылса, қылтаны қосып алып тастаумен сипатталатын гемитиреоидэктомия жүргізіледі. Егер түзіліс аденома болып шықса, емдеу шаралары осымен шектеледі, ал ҚБ фолликулярлы обыры болса - 131I-пен терапия жөніндегі сұрақ талқыланады.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 621;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.