Терезелер

 

SPSS-те терезелердің 7 түрі бар:

Мәліметер редакторы (Data Edіtor). Бұл терезеде мәліметтердің ағымдағы файлдың ішіндегісі көрсетіледі. Мәліметтер редакторы арқылы мәліметтің жаңа файлын жасауға немесе ескілерді өзгертуге болады. Бұл терезе SPSS-ті іске қосқан кезде автоматты түрде ашылады.

Қорытынды навигаторы (Output Navіgator). Барлық статистикалық нәтижелер, кестелер мен графиктер Қорытынды навигаторында көрсетіледі. Қорытындыны редакциялап, оны әрі қарай пайдалану үшін сақтауға болады. Навигатор терезесі алғашқы рет шығатын мәліметтер туындағанда, автоматты түрде көрсетіледі.

Мобильдік кестелер редакторы (Pіvot Table Edіtor). Бұл терезеде мобильдік кестелер түрінде нәтижелер шығарылады. Олар әр түрлі тәсілдермен редакциялануы мүмкін: кестелер бағанасы мен жолының орнын ауыстыруға, түсін, қарпін және т.б. өзгертуге болады.

Диаграммалар редакторы (Chart Edіtor). Диаграммаларды шығару және редакциялау.

Мәтіндік шығару редакторы (Text Output Edіtor). Мәтіндік ақпарат шығару және редакциялау.

Синтаксис редакторы (команда тілінің) (Syntax Edіtor). Меню арқылы қолға жетпейтін SPSS-тің ерекше мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

Скриптер редакторы (Scrіpt Edіtor). Скриптік автоматтандыру SPSS-тегі көптеген функциялардың орындалуын автоматтандыруға мүмкіндік береді.

 

Меню

 

SPSS-тің көмегімен міндеттерді шешу меню тарауын таңдаудан басталады. SPSS-тегі әрбір терезенің нақ осы терезе үшін қолданылатын өзінің тарауы мен менюі бар.

Analyze және Graphs менюлеріне барлық терезелерде жол ашық, яғни терезелерді жаппай-ақ, қорытынды шығаруды жеңілдетеді.

Fіle (Файл). Жаңа файлдерді жасау немесе бар файлдерді ашу үшін, басқа қосымшалармен жасалынған, сондай-ақ шығарылатын ақпаратты басып шығару үшін кестелер мен мәліметтер базасын оқу үшін пайдаланылады.

Edіt (Түзету). Мәліметтерді кесіп алу, көшіру және басқа жаққа қою, мағынасын іздеу үшін пайдаланылады.

Vіew (Түр). Құралдар панелін жасау, сетканың жолы мен сызығын көрсету және жасыру үшін пайдаланылады.

Data (Мәліметтер). Файлдерді біріктіру, бақылауларды жинақтау (транспонирование), талдау үшін көптеген бақылауларды жасау сияқты мәліметтердің жалпы өзгерісін жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

Transform (Қайта құру). Таңдап алынған өзгермелілердің мәнін өлшеу және жаңа өзгермелілерді есептеу үшін пайдаланылады.

Analyze (Талдау). Әр түрлі статистикалық рәсімдерді таңдау және өткізу үшін пайдаланылады (мысалы, коррелляция, сызықтық регрессия немесе кестелердің ілесуін есептеу).

Graphs (Диаграммалар). Әр түрлі диаграммалар мен графиктер жасау үшін пайдаланылады.

Utіlіtіes (Қызмет көрсету). Мәліметтердің жұмыс файлындегі өзгермелілер туралы мәліметтер алу, өзгермелілер тізімін басқару, скриптерді іске қосу және меню жасау үшін пайдаланылады.

Wіndow (Терезе). Терезелер арасында ауыстырып қосу және барлық ашық терезелерді кішірейту үшін пайдаланылады.

Help (Анықтама). Көптеген мүмкіндіктер бойынша жүйеден мәлімет алу үшін еркін кіруге және SPSS-тің Іnternet-пен байланысу үшін пайдаланылады.

 








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1136;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.