Уаң дала және шөл дала аймағының топырақ жамылғысы құрылымы және оларды игеру шаралары

Қуаң дала аймағының солтүстік бөлігінің топырақ жамылғысының негізін күңгірт қара-қоңыр топырақ құрайды. Ол осы өңірдің ауданының 50%-дан артық жерінде кездеседі. Сонымен бірге сорланған, кебірленген топырақтар да жиі тараған. Олар топырақ жамылғысы құрылымының 40% қамтиды.

Қуаң дала аймағының оңтүстікбөлігінің негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол осы аймақша ауданының 50% алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығында мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және сорланған аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.

Шөл-дала аймағының топырақ жамылғысы негізінен кебірленген ашық қара-қоңыр топырақтармен кебірлерден тұратын кешендерден құралған. Ойпатты жерлерде шалғынды, шалғынды–қара-қоңыр, кебір және сор топырақтар кездеседі. Топырақ жамылғысы құрылымы ауданының 63,3% ашық қара-қоңыр топырақ, 20,2% - кебірлер, 5,2% - жартылай гидроморфты, 4,0% - гидроморфты, 1,6% - сор топырақтар және 1,2% - құмдар алып жатыр.

Қуаң дала аймағының күңгірт қара-қоңыр топырақтары құнарлы топырақтар қатарына жатады. Сондықтан бұл топырақтар игеріліп егістік алқаптар құрамына кірген. Бұл топырақтарда біріншіден ылғал мөлшері тапшы болып келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін топырақтағы ылғал мөлшерін арттыру және сақтау шаралары (қыста қар тоқтату, көктемде ылғалдың булануына жол бермеу, егістікте арамшөптерді болдырмау, топырақты терең қопсытып аудармау) қатаң түрде жүзеге асырылуы тиісті. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдықпауы үшін оны жазықтілгіш құралдарымен өңдеу қажет. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын, ал топырақтағы нитратты азот мөлшері аз танаптарда фосфорт тыңайтқышына қосып азотты тыңайтқыштарды да пайдалану қажет. Жеңіл гранулометриялық құрамды қоңыр топырақтарда жел эрозиясының қауіпі өте жоғары болып келуіне байланысты астық тұқымдас дақылдарды, сүрі алқабын, көпжылдық шөптерді 50-100м жолақтар ретінде кезектестіріп егу, яғни топырақ қорғау ауыспалы егіс жүйесін қолдану арқылы пайдалану қажет.

Бұл аймақта кебірленген, кебір топырақтар аймақтық топырақтарымен кешенді түрде жиі кездеседі. Сондықтан кебірленген топырақтардың құрылымын, су өткізгіштігін, тығыздығын реттеу үшін күзде бұл алқаптарды тереңірек өңдеу, органикалық тыңайтқыштарды оңтайлы мөлшерде шашу қажет. Кебір топырақтар жамылғысы бар алқаптарды егістіктерден шығарып, оларға кебірге төзімді көпжылдық шөптерді егіп (түйе жоңышқа, еркек шөп т.б.) шабындыққа, мал жайылымына айналдыру қажет.

Нағыз қара-қоңыр топырақтардың біраз бөлігі суармалы егіншілікке қолдануда. Мысалы, Павлодар облысының Аққу, Ақсу, Павлодар аудандарында бұл топырақтар Ертіс өзенінің суымен суландырылып түрлі көкөніс өндіріледі. Бұл топырақтардың табиғи құнарлылығы шамалы болғандықтан суармалы алқаптарда мол дәрежеде органикалық тыңайтқыштар және оңтайлы дәрежеде минералды тыңайтқыштар қолданылуы керек. Осы топырақтардың артық ылғалданбауын қадағалап, қайтадан сортаңданбауын болғызбау шарт.

Шөл дала аймағындағы ашық қара-қоңыр топырақтардың және олардың кебірлермен кешендерінің, кебірлердің құнарлылығы төмен болып қалыптасқан. Сонымен бірге ауа райы да өте құрғақ, ылғал тапшы. Сондықтан бұл топырақтар негізінен мал жайылымдары ретінде пайдаланылады. Өсімдік жамылғысы мардымды дамымаған, сондықтан жүйесіз мал жайғанда, мал басы артып, жайлымға үлкен жүк түскенде, олар жойылып, «тапталып» тез істен шығады, топырақтың азып-тозуы, эрозияға шалдығуы байқалады. Сондықтан шөл-дала аймағында ғылыми түрде ұйымдастырылған мал шаруашылығы жүйесін пайдаланып, жер қорын тиімді пайдалану қажет.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2527;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.