Топырақ жамылғысы құрылымы
Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп факторлардың әсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы жер бетінің кеңістігінде әр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады.
Белгілі бір аумақта кездесетін топырақтардың түрлерінің құрамын, олардың таралу пішінін және біріне-бірі сәйкестесе орналасуы ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттайды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ алабы (ЖТА) саналады. Ол топырақ жамылғасының әрі қарай бөлінбейтін бөлігі. Топырақ классификациясының ең кіші қатарына жататын топырақ түрінің алып жатқан ауданын жеке топырақ алабы (ареалы)дейміз. Жеке топырақ алабы ұғымын және оның басты сипаттарын В.М.Фридланд (1965) ұсынды.
Жеке топырақ алабын сипаттау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады: 1) топырақтың толық атауы; 2) топырақ алабының морфологиялық сипаты – оның ауданы, шекарасының пішіні мен сипаты; 3) топырақ алабының топырақ түзуші факторлармен биоклиматтық жағдайымен, жер бедерімен, ылғалдылықпен, аналық тау жыныстарымен, топырақтың жасымен, топырақтың түзілу тарихымен және адамдардың әрекетінің ықпалымен байланысын сипаттау.
ЖТА ауданы бірнеше шаршы метрден жүздеген гектарға дейін болуы мүмкін. Ауданына байланысты жеке топырақ алабы ұсақ контурлы (1 га-дан кіші) орташа контурлы (1-20 га-ға дейін) және ірі контурлы (20 га-дан үлкен) болып бөлінеді.
ЖТА пішіні дөңгелекше (ұзындығының еніне қатынасы 2-ден кіші), созыңқы (қатынасы–2-ден 5-ке дейін), ұзынша (қатынасы 5-тен үлкен), тарамданған және қалақша тәрізді болады.
ЖТА шекарасының пішінін сипаттау үшін иректік коэффициенті қолданылады:
Ки= ,
мұнда L – ЖТА шекарасының ұзындығы, S – ЖТА ауданы.
Бұл көрсеткіш ЖТА периметрінің оның ауданына тең шеңбердің ұзындығына қатынасын көрсетеді. Осы көрсеткішке байланысты ЖТА 4 топқа бөлінеді. Олар келесідей: иректелмеген (Ки < 2); аз иректелген (Ки 2-4); орташа иректелген (Ки 4-6); мол иректелген (Ки > 6).
Жеке топырақ алабтарының заңды жиынтығы – топырақ жамылғысы құрылымын (ТЖҚ) қалыптастырады. Оның басты сипаттаушы көрсеткіштері: құрамы (топырақ түрлері), күрделілігі (ЖТА кеңестікте өзгеруі) және ерекше айырмашылығы (генетикалық және агрономиялық тұрғыдан ЖТА өзгешеліктері).
Жер бедерінің өзгешелігіне, аналық тау жынысының қасиеттеріне және басқадай жағдайларға байланысты топырақ жамылғысы құрылымы микро, мезо және макрокомбинациялар құрап, топырақ жамылғысы құрылымының белгілі бір түрін қалыптастырады.
Микрокомбинациялар ұсақ ауданды (бірнеше немесе ондаған шаршы метр) ЖТА-ның кезектесіп орналасуымен сипатталады. Көбінесе ол жер бедерінің ұсақ өзгешелігіне байланысты.
Мезокомбинациялар ірілеу ауданды ЖТА-мен микрокомбинациялардың кезектесіп орналасуымен сипатталады. Олар жер бедерінің орташа өзгерістерімен немесе аналық тау жынысының кеңістікте өзгеруімен сыбайлас.
Макрокомбинациялар– мезокомбинацилардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Жоғарыда аталып өткен топтар ерекше айырмашылықты және сәл айырмашылықты комбинацияларға бөлінеді.
С.С.Неуструев (1915) жер бедерінің өзгеруіне байланысты комбинацияларды топырақ кешендеріне (комплексы) және топырақ үйлесімділігіне (сочетания) бөлді. Топырақ кешендері жер бедерінің микро өзгешеліктеріне байланысты қалыптасқан болып келеді. Ал топырақ үйлесімділігімезо жер бедеріне байланысты қалыптасып, үлкенірек аумақты алып жататын топырақтар жамылғысы құрылымын құрайды.
В.М.Фридланд (1973) микрокомбинациялар ішінде топырақ кешендерін (ерекше айырмашылықты) және дақты(сәл айырмашылықты) топырақтар жамылғысы құрылымын бөліп қарауды ұсынды. Мезокомбинациялар ішінде жер бедеріне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы бар үйлесімділіктіжәне сәл айырмашылықты топырақ жамылғысы бар алалықтыбөліп қарауды көрсетті. Сонымен бірге мезокомбинациялар ішінде топырақ түзуші тау жыныстарының кеңістікте өзгеруіне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы құрылымын құрақтыжәне сәл айырмашылықты топырақ жамылғысы құрылымын ташеттер деп атады.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4194;