Жердің сыртқы қабаттары

Жердің сыртқы қабаттары жермен шектесе отырып, геологиялық үрдістің өзгеруіне алып келеді.

Атмосфера – Жердің газды сферасы. Құрамында 78,08% азот; 20,95%; оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмір қышқыл газы бар, ал қалған 0,04% неон, гелий, су буы, шаң және басқа заттардан құралған. Атмосфераның жоғарғы шекарасы әлі анықталмаған.

Атмосфера бірнеше қабатшаларға бөлінеді: тропосфера – 8-15 км биіктікке дейін, стратосфера – 8-15 ден 100 км-ге дейін және одан әрі мезосфера, термосфера, экзосфера, йоносфера (4 сурет).

4-сурет. Атмосфера қабаттары
Атмосфералық агенттер – күн сәулесі, атмосфералық электр заряды, жылулық ауытқу, жел, атмосферадағы су буы - үлкен геологиялық жұмыс атқарады. Тау жыныстарының мүжілуі, мүжілген заттардың

тасымалдануы және олардың шөгуі осы

атмосфера агенттері ықпалымен жүреді.

Гидросфера - Жердің үзілмелі су қабығы. Ол жер бетінің 70,8% -ін алып жатыр. Құрамына мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер және мұз жамылғылары жатады. В.И. Вернадскийдің мәліметтері бойынша мұхит суларының көлемі 1370 млн. км3, құрлық сулары – 4 млн. км3, материк мұздары – 16-20 млн. км3, ыза сулары – 400 млн. км3–ін құрайды. Гидросфераның құрамында көп мөлшерде оттегімен (О2) сутегі (Н) (96,69%), натриймен хлор (3%) бар. Сонымен қатар, Жердің басқа геосфераларының әсерінен суда Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық элементтер бар, бірақ олар өте аз мөлшерде кездеседі.

Гидросфераның негізгі бөлігін мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары алып жатыр. Континенттегі тұщы сулардың көлемі барлық гидросфераның 0,3% ғана алады. Құрлықтағы барлық сулардың тұщы сулары тек 3% құрайды және оның 2/3 мұз күйінде болады. Сондықтан адамзат пайдаланатын тұщы су мөлшері тапшы болып есептеледі.

Гидросфераның жоғарғы шекарасы анық белгіленген, ол мұхит пен теңіздердің беті. Төменгі шегі күрделі, жобалап айтқанда мұхиттардың астымен сәйкестенеді. Гидросферада тұздар мөлшері 5х1016 т. Әлемдік мұхиттың орташа тұздылығы 3% болады.

Теңіз жер өмірінде өте маңызды агенттердің бірі. Теңіз ортасы үлкен биохимиялық фактор, үлкен тұз кені. Теңізде көптеген шөгінді тау жыныстары пайда болған: әк, бор, мұнай, фосфорит, глауконит, калий тұздары. Теңіз суы көптеген тау жыныстарын ерітетін орта және денудация факторы.

Биосфера - Жердің тірі ағзалар қоныстанған қабаты.Академик Вернадский В.И. биосфераны өмір аймағы деп атаған. Әр деңгейде ол атмосферада, гидросферада және жер қыртысында орналасады. Тірі ағзалардың таралған төменгі шегі қысыммен және температурамен анықталады. Құрғақ жерде тірі организмдер 3-4км тереңдікке дейін байқалады. Ал мұхитта әр түрлі фауна 11000км тереңдікте де табылған. Атмосфераның 8-10км биіктігінде де организмдер кездеседі.

Организмдердің құрамына 60-тан аса элементтер кіреді. Олар көбінесе О, Н, С, Са, Мg, К т.б. элементтер мен заттардан құралған. Олардың кейбір химиялық элементтердің жиынтығы ретінде маңызы бар, мысалы: шымтезек, көмір құрамында көміртек көп, әкте, борда – кальций мен көміртек көп, ал фосфоритте – фосфор мол. Топырақтың, тау жыныстарының, қазба байлықтардың түзілуіне жануарлар мен өсімдіктердің тигізген әсері өте зор.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 7872;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.