Тіршіліктің пайда болуы мен эволюциясы туралы қазіргі кездегі көзқарастар.

1. Қазіргі кездегі биологияның жалпы қағидалары.

2. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.

 

Биология – тірінің дамуы және оның пайда болуы, оның құрылымы, ұйымдасу формасы жәнебелсенділік тәсілдері туралы ғылым. Заманауи биология көз алдыңда өзгеріп жатқан динамикалық білім болып саналады. Жаңа эксперименталды мәліметтердің лавинтәрізді жинақталуы оны теориялық сипаттау және түсіндіру мүмкіндіктерінен озып отырады. Биология және химия, биология және физика, биология және антропология және т.б. пәнаралық зерттеулардің саны өсуде. Бұл өз кезегінде биологияға мүлдем бөтен әдістер мен құралдарды қолдануды қажет етеді. Биологиялық білімнің ішкі кешенінде 50 ден аса ғылым есептеледі, олардың ішінде: ботаника және зоология, генетика және молекулалық биология, анатомия және морфология, цитология және биогео-ценология, биофизика және биохимия, палеонтология және эмбриология, эволюционная биология және экология және т.б. бұндай ғылыми пәннің көптүрлілігі зерттеу объектісі – тірі материяның күрделілігімен түсіндіріледі.

Биология пайда болды және үлкен эмперикалық материалдың талдаулары мен классификациясын жүзеге асыра отырып, ұзақ уақыт бойы сипаттағыш ғылым ретінде дамыды. Заманауи биологияның алдында алі күнге дейін тірі ағзалардың барлық алуантүрлілігінің классификациясының міндеттері тұр. Қазірге дейін тек бір, екі ғана бар түрлер сипатталған, бұл 1,2 млн жануарлар,, 500 мың өсімдік, жүздеген мың саңырауқұлақтар, шамамен 3 мың бактериялар және т.б. бұған қарамастан заманауи биологияда айтарлықтай әдістемелік өзгерістер болды. XX ғасырда биологиялық білім түсіндірмелі сипатта болды. Заманауи биология генетикалық және жүйелі-құрылымдық тәсілдерді қолданады. Бірінші жағдайда тірі материияның пайда болуы мен эволюциясын, себептерін, механизмдері мен биогенездің ерекшеліктерін қарастырады. Екінші жағдайда тірінің ұйымдасуының әртүрлі деңгейін, олардың функциялануының себептерін, өзарабайластарының ерекшеліктерін және т.б. зерттейді.

Биологиялық білімнің даму сатысының ерекшеліктері оның басқа жаратылыстану-ғылыми кешеннің басқа ғылымдарымен, гуманитарлық және қоғамдық білімдермен тығыз байланысы болып табылады. Биофизика және биохимия, молекулалық биология және генетикадағы жетістіктер тірінің болмысы туралы білімнің кемшілігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Бірақ, тіршіліктің құпиясын ашуға жақындаған адамзат көптеген дүниетанымдық мәселелерге тап болады. Тірі қалу және өзін сақтау мақсатында осы мәселелерді шешу қажет. Осыған байланысты заманауи биологияның кейбір мәліметтері философиялық ойлауды және сипаттауды қажет етеді.

Заманауи биология барлық деңгейде тірі материяның бірлігін дәлелдейді. Тірінің әлемін үлкен жүйенің жүйесі ретінде санап, басқа ерекше байланыс типтерімен қосылады. Білімнің дамуы тіршілік болмысы туралы ұғымның біртіндеп трансформациялануына әкеледі, космостық және биологиялық эволюция бірлігіне, адамдағы биологиялық және қоғамдық арақатынастарға әкеледі.

2.Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.

 

Биология жүйесінің пайда болуы және эволюциясы – биологияның бастапқы тақырыбы. Оның айналасында барлық басқа жеке ғылыми мәселелер мен сұрақтар, сондай-ақ философиялық жалпылаулар мен қорытындылар жинақталған.

Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганиздер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды.
Ф. Энгельс: «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінің дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады.

Тіршіліктің пайда болуының бірінші сатысы химиялық эволюциямен байланысты

Жер пайда болғаннан кейін қызып тұрған шар болып саналды. Планетаның біртіндеп сууы оның орталығына ауыр химиялық элементтердің орналасуын, ал жеңілдерінің біртіндеп бетне жинақталуын қабілеттендірді. Жеңіл элементтер – оттегі , көміртегі, азот және сутегі – бір-бірімен өзара байланыса бастады, ары қарай химиялық эволюция барысында әртүрлі органикалық қосылыстар пайда болды. Жер тіршілігінде көміртектік негіздің болуы осы элементтің физикалық қасиетін қабілеттендіреді. Сонымен, көміртек ең алуантүрлі қрылымдарды жасауға қабілетті, көміртек негізіндегі бар органикалық қосылыстардың саны ондаған миллионға жетеді. Көміртектік байланысуы жоғары емес температура кезінде белсенді. Тіпті молекулалардың кішігірім алмасуларында олардың химиялық белсенділігі айтарлықтай өзгере алады. Көміртектің сутекпен, азотпен оттегімен, күкіртпен, темір және т.б. байланысы жоғары каталитикалық қасиет береді. Сонымен қатар көптеген көміртекті қосылыстар суда жақсы ериді.. соған қарамастан ғалымдар тіршіліктің пайда болуының басқа мысалы кремний негізінде туындауы туралы мүмкіндіктісырт қалдырмайды.

Жер бетінің сууына орай су буларының қоюлануы жүріп, нәтижесінде үлкен тоғандардың түзілуіне алып келді. Белсенді вульканды әрекеттердің нәтижесінде планетамыздың эволюциясының бірінші сатысында оның бетіне әртүрлі карбидтерді – металдармен көміртектің қосылыстары тасталды. Карбидтер алғашқы мұхитпен шайылды. Осындай химиялық реакциялардың нәтижесінде әртүрлі көмірсутекті қосылыстар түзілді.

Тіршіліктің пайда болуының екінші сатысы белоктық заттардың пайда болуымен байланысты

Біріншілік мұхит суында көп мөлшерде көміртекті қосылыстардың болуы «органикалық сорпаның» туындауына алып келді. Онда күрделі органикалық молекулалардан – белоктар және қарапайым көміртекті қосылыстардан – нуклеин қышқылдарының синтезделу процестері жүзеге асты.

Күрделі ораникалық молекулалардың – биополимерлердің синтезделуі үшін жағдайлардың бірі – бастапқы заттардың жоғары концентрациясы болып табылады. Қарапайым органикалық молекулалардың минералды бөліктерге тұну нәтижесінде қажетті жағдайлар жасалды деп болжанады, мысалы сазда алғашқы тоғандар. Сонымен қатар ораникалық молекулалар су бетінде жұқа пленка түзуі мүмкін, желдің және су ағындарының әсерінен жағаға қалың қабат түзген.

 

Тіршіліктің пайда болуының үшінші сатысы органикалық қосылыстарда өзін-өзі өндіруге қабілеттіктің түзілуімен байланысты.

Тіршіліктің бастамасы деп тұрақты өзін-өзі өндіретін үнемі кезекті тізбекті нуклеотидтері бар органикалық жүйелердің туындауын есептеуге болады.Тек осындай жүйенің туындауынан кейін биологиялық эволюцияның бастамасы туралы айтуға болады. Предбиологиядан биологияға ауысу жайтының бірін неміс ғалымы М.Эйген ұсынады. Оның гипотезасына сәйкес тіршіліктің пайда болуы нуклеин қышқылдары мен протеиндердің өзара байланысымен түсіндіріледі. Нуклеин қышқылдары генетикалық ақпаратты алып жүрушы болып табылады, ал протеиндер химиялық реакциялардың катализаторлары болып табылады. Нуклеин қышқылдары өзін өндіреді және ақпаратты протеиндерге береді. Возникает замкнутая цепь – гиперцикл, в котором процессы химических реакций самоускоряются за счет присутствия катализаторов. В гиперциклах продукт реакции одновременно выступает и катализатором, и исходным тұйық тізбек – гиперцикл туындайды, онда катализаторлардың қатысуы есебінен химиялық реакциялар өзін өзі жылдамдатады. Гиперциклда реакция өнімі біруақытта катализатор және бастапқы реагент бола алады. Осындай реакциялар автокаталитикалық деп аталады.

4-дәріс Қауымдастықтар экологиясы – синэкология. Экологиялық жүйелер
Дәріс мақсаты:Экологиялық жүйелердің энергия көздеріне қарайжіктелуі. Сондай-ақ биоценоз биогеоценоз терминдеімен танысу және биоценоздағы экологиялық жағдайларды анықтау.
Дәріс сұрақтары:
1. Экожүйелер туралы түсінік
2. Биоценоз, биогеоценоз туралы түсініктер.
3. Биотикалық қарым-қатынастардың типтері.
1. Тірі организмдер бірге өмір сүретін, өзара және табиғаттың өлі (абиотикалық) бөліктерімен қарым-қатынас жасайтын, жанды және жансыз бөлшектері арасындағы заттар айналымын экологиялық жүйе деп атайды. Экологиялық жүйе тіршілікке қажетті жанды және жансыз табиғаттан тұратын болғандықтан ол табиғаттың құрамының негізі болып есептеледі.Экологиялық жүйе үшін энергия қуаты «Қозғаушы күш» болып есептлді де, онда болатын табиғи өзгерістер мен заттар айналымы энергия қуатының көзіне, санына және сапасына байланысты болады. Энергия қуатының көздеріне қарай экологиялық жүйелердің бөлінуі.
- Энергияны күн сәулесінен алатындар. Оған мұхиттар мен биік таулар жатады.
- Энергияны күн сәулесінен және табиғат көздерінен алатындар. Оған шабындықтар, жағалаудағы шығанақтар жатады.
- Энергияны күн сәулесінен және адамдардан алатын жүйелер. Оған егістіктер мен су қабатында қолдан өнім өсіретін аймақтар жатады. (Олар күн сәулесімен қатар құнарлы топырақта болатын органикалық заттарды пайдаланып алған энергия қуатын жинап басқаларға береді.)
- Энергия отыннан алатын жүйелер. Оған қалалар өнеркәсіп орталықтары кіреді. Олар күн сәулесінен қарағанда жағылған отыннан алынатын энергия күшіне мұқтаж.
Экологиялық жүйелердің құрылымы бойынша бөлінуі.
1. Құрлықтық экологиялық жүйелер – тундра, Тайга, Орманды дала, дала, шөл, шөлейт, тропик және таулар.
2. Тұщы сулар экологиялық жүйелері – Лентті (латынша – тыныш деген сөз) сулар жүйесі немесе ағынсыз сулар (көлдер, су қоймалары.) Лотты (латынша жуушы деген сөз) немесе ағынды сулар (өзендер, бұлақтар, жылғалар)
3. Теңіз сулары экологиялық жүйелері - Ашық мұхиттар, жағадағы сулар.
2. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктр.
Кез келген биоценоз өзімен-өзі дамымайды, ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы - биотоптардан тұрады. Биотоп деп – тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижсінд биоценозбен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Биогеоценоз деп биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші-өсімдік қоректі жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері.
Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірдей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет 1877 жылы ұсынған неміс зоологі К.Мебиус. Биоценоздар немесе бірлестіктер деп - табиғаттағы әр түрлі түрлердің популяциялары бірдей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құруы.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология деп аталады.
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде «Экожүйе» термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген.
рганизмдер бірге өмір сүретін, өзара және табиғаттың өлі (абиотикалық) бөліктерімен қарым-қатынас жасайтын, жанды және жансыз бөлшектері арасындағы заттар айналымын экологиялық жүйе деп атайды. Экологиялық жүйе тіршілікке қажетті жанды және жансыз табиғаттан тұратын болғандықтан ол табиғаттың құрамының негізі болып есептеледі.Экологиялық жүйе үшін энергия қуаты «Қозғаушы күш» болып есептлді де, онда болатын табиғи өзгерістер мен заттар айналымы энергия қуатының көзіне, санына және сапасына байланысты болады. Энергия қуатының көздеріне қарай экологиялық жүйелердің бөлінуі.
- Энергияны күн сәулесінен алатындар. Оған мұхиттар мен биік таулар жатады.
- Энергияны күн сәулесінен және табиғат көздерінен алатындар. Оған шабындықтар, жағалаудағы шығанақтар жатады.
- Энергияны күн сәулесінен және адамдардан алатын жүйелер. Оған егістіктер мен су қабатында қолдан өнім өсіретін аймақтар жатады. (Олар күн сәулесімен қатар құнарлы топырақта болатын органикалық заттарды пайдаланып алған энергия қуатын жинап басқаларға береді.)
- Энергия отыннан алатын жүйелер. Оған қалалар өнеркәсіп орталықтары кіреді. Олар күн сәулесінен қарағанда жағылған отыннан алынатын энергия күшіне мұқтаж.
Экологиялық жүйедегі процестер: Экологиялық жүйеде өсетін өсімдіктер немесе «жасыл белдеулер» ғылым тілінде автотрофтар деп аталады. Жануарлар мен жәндіктер «қоңыр белдеулер» ғылым тілінде гетеротрофтар деп аталады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық жүйелердің жіктелуі
2. Экологиялық жүйеге түсетін экологиялық проблемалар түрлерін анықтау
3. Автотрофтар мен гететрофтыларға анықтама және қандай мағына береді.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Т.Қанаев, З.Қ.Қанаева, Экология Оқу құралы, Алматы «Қазақ университеті» 2008
2. Ж.Ж.Жатқанбаев, Экология негіздері, Алматы, 2004
3. А.Т. Қуатбаев Жалпы экология: Оқулық / Алматы : Дәуір, 2012. - 376 б. - (МВА)
4. Ұ.Б.Асқарова, Экология және қоршаған ортаны қорғау, Алматы, 2007
5. Бозшатаева Г.С., Оспанова Г.А. Экология.- Алматы.- 2003.
6. Мұхажанова, Н. А. Жаһандық экология: оқу құралы. - Алматы : Экономика, 2011. - 172 б. - (Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары)
7. Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау : Оқулық /- Алматы : Экономика, 2006. - 480 б.
8. Экология және табиғатты тиiмдi пайдалану: Оқулық / Ә.С.Бейсенова және т.б.- Алматы: Ғылым, 2004.- 328 б.
9. Экология және тұрақты даму : Оқулық / ҚР Білім және Ғылым мин-гі бекіткен ; ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы :Дәуір, 2011. - 312 б.

5 дәріс. Табиғатты қорғау және тұрақты даму.
Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері.

Дәрістің сұрақтары:
4) Табиғатты пайдалану түрі, түсінігі
5) Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
6) Экологиялық стратегия мақсаттары

2. Табиғатты пайдалану түрі, түсінігі
Адамдардың табиғаттың экономикалық, экологиялық, мәдени, сауықтыру пайдалы қасиеттерін пайдалану мүмкіншілігін табиғат пайдалану деп түсінеміз. Осыған байланысты табиғатты пайдаланудың үш түрін: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік түрлерін ажыратуға болады. Табиғатты пайдалану сипаты жалпы және арнайы болуы мүмкін.
Жалпы табиғат пайдалану арнайы рұқсатты қажет етпейді. Ол адамдардың табиғи қажеттілігін жән өмір сүру, еңбек ету, демалу құқықытарының негізінде жүзеге асырылады.
Арнайы табиғат пайдалану физикалық және заңды тұлғалардың арнайы өкілетті орындардан рұқсат алуын талап етеді. Бұл да табиғат ресурстарының шектеулілігінің көрінісі. Ресурстар шектеусіз, сарқылмайтын болса және оларды тұтынуға алдын-ала дайындау қажет болмаса, рұқсат алудың да қажеті болмас еді. Арнайы табиғат пайдалану мақсатты болады және пайдаланатын ресурс түріне байланысты жерді пайдалану, суды, орманды, пайдалы қазбаларды, жабайы өсімдіктрді, жануарларды, құстарды, атмосфера ауасын пайдалану болып бөлінеді. Арнайы табиғат пайдалану әрқашан табиғат ресурстарын тұтынумен байланысты. Сондықтан құқықтық реттуді қажет етеді. ҚР табиғат пайдалануды қорғауды реттейтін арнайы заңдар мен кодекстер қабылданған.
Соның бір,і табиғат ресурстарын пайдалану құқығы үшін лицензия (рұқсат)
Табиғат ресурстарын пайдалануға рұқсат (лицензия) беру Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулыларымен реттеледі.
Табиғат пайдалануға рұқсат беру экологиялық мәселелерді тыйым салу, шектеу, рұқсат ету, өкілеттік беру сияқты мәслелерді әкімшілік-құқықтық әдістермен реттеу болып табылады.
Лицензия шаруашылық әркеттің әр түріне, белгіленген мерзімге беріледі. Кейбір әрекеттерге экологиялық талаптарға, орналасқан орнына байланысты шектеулер қойылуы мүмкін. Лицензия сұраушылардың өтініші бойынша, конкурстық негізде берілуі тиіс. Лицензияда көрсетілген тәртіптер бұзылғанда, оны басқаға бергенде, немесе лицензия құқығынан айырғанда– шағымдануға болады.
Табиғат пайдалануға лицензия – ол қандай да бір болмасын табиғат ресурсын пайдаланып белгілі бір шаруашылық әрекет етуге рұқсат.
Сонымен лицензия табиғат қорғау және пайдалануды реттеу міндеттерін атқарады.
Лицензия объективті және субъективті себептерге байланысты шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін.
Субъективті себептер – лицензия шарттарының бұзылуы, табиғат қорғау міндеттерінің орындалмауы.
Объективті себептер – табиғат пайдалану жағдайларының өзгеруі, табиғи апаттарға байланысты халыққа қауіп төнуі, т.с.с.

3. Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары.
Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы.
Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс –шаралар жатады.
Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғатты қорғауға көп көңіл бөлініп отыр, соның нәтижесінде 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың өмірі үшін сақтау.
Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республиксының Конститутциясы және табиғат қорғау заңдары.
Табиғат қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады.Олардың негізгілері мыналар:
6. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерде қазіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.
7. Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі қадағалау.
8. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.
9. Табиғи биоценоздарды сақтап қалу үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғи ескерткіштер ұйымдастыру.
10. Аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өзқалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.
Табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың стратегиясы мен практикасы табиғатты пайдалану деп аталады.
Табиғатты пайдаланудың ұтымды және ұтымсыз түрлерін ажыратуға болады.
Ұтымды табиғат пайдалану – табиғи жағдайлар мен ресурстарын үнемдеп пайдалануды, табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ететін әрекеттер жүйесі.
Ұтымсыз табиғат пайдалану – керісінше табиғат ресурстарын сарқылтады, қоршаған ортаның сапасын нашарлатады.
Қорыта айтқанда, табиғат қорғау мен экология ғылымдарының түпкі мақсаты – табиғатты қорғау.

3.Экологиялық стратегия мақсаттары
Экологиялық стратегияның негізгі мақсаты экологиялық қолайлы орта құру үшін табиғат пен қоғамның арақатынасындағы үйлесімділікке қол жеткізу болып табылады. Осыған байланыстағы 4 басым бағыттар айқындалды:
1. Экологиялық қауіпсіз қоршаған орта құру;
2. Табиғат ресурстарын теңдестікті пайдалану;
3. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әртүрлілігін сақтау;
4. Экологиялық білім беру.
Ұзақ мерзімдік Стратегияны жүзеге асырудың төрт кезеңі: – 1998–2000; 2001–2010; 2011–2020; 2021–2030 жылдары қарастырылды. Олардың әрқайсының мақсаты, міндеттері мен басымдылықтары халықаралық, аймақтың және ұлттық экологиялық саясаттың үйлесімділігі ескеріле отырып анықталды.
Басымдылықтар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Бірінші басымдылық бойынша:
– мемлекеттік экологиялық бақылау қызметі орталықтандырылды, мемлекеттік басқару және бақылау құралдары құрылды;
– табиғат ресурстары мен қоршаған ортаның мониторингінің бірыңғай ақпараттың жүйесі құрылып жатыр;
Екінші басымдылық бойынша:
– аймақтардың экологиялық жағдайын сәйкес табиғи ортаға ластаушы заттар шығару шектері (лимиті) анықталуда;
– шаруашылық нысандарын түгелдеу экологиялық сараптамамен қамту қарастырылуда;
Үшінші басымдылық бойынша:
– биологиялық әртүрлілікті сақтау жөнінде Ұлттық Стратегия бекітілді;
– аңшылық пен балық аулау ережелерін бұзуды болдырмау шаралары күшелтілді.
Төртінші басымдылық бойынша:
– Экологиялық білім беру және ағартушылық жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
Халықаралық және аймақтық міндеттеріне сәйкес елдер ұлттық бағдарламалар мен жоспарлар жасап, оларды жүзеге асыра бастады. Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде төмендегідей құжаттар жасалған:
– Қоршаған ортаны қорғау туралы ұлттық әрекеттер жоспары (1998);
– Биологиялық ресурстарды қорғау және теңдесті пайдалану туралы ұлттық стратегия және әрекеттер жоспары (1998);
– Тақыршылықпен күресу жөніндегі ұлттық бағдарлама (1997);
– Қоршаған ортаның тазалығы бойынша ұлттық жоспар (1999);

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қызыл кітап не үшін қажет?
2. Ерекше қорғалатын аймақтардың атқаратын қызметтері қандай?
3. Қызыл кітапқа енген түрлердің категориясын атаңыз.
4. Экологиялық тәрбие және білім беру.
5. Қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму құқықтық принциптер жинағына қандай қағидалар кіреді?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Т.Қанаев, З.Қ.Қанаева, Экология Оқу құралы, Алматы «Қазақ университеті» 2008
2. Ж.Ж.Жатқанбаев, Экология негіздері, Алматы, 2004
3. А.Т. Қуатбаев Жалпы экология: Оқулық / Алматы : Дәуір, 2012. - 376 б. - (МВА)
4. Ұ.Б.Асқарова, Экология және қоршаған ортаны қорғау, Алматы, 2007
5. Бозшатаева Г.С., Оспанова Г.А. Экология.- Алматы.- 2003.
6. Мұхажанова, Н. А. Жаһандық экология: оқу құралы. - Алматы : Экономика, 2011. - 172 б. - (Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары)
7. Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау : Оқулық /- Алматы : Экономика, 2006. - 480 б.
8. Экология және табиғатты тиiмдi пайдалану: Оқулық / Ә.С.Бейсенова және т.б.- Алматы: Ғылым, 2004.- 328 б.
9. Экология және тұрақты даму : Оқулық / ҚР Білім және Ғылым мин-гі бекіткен ; ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы :Дәуір, 2011. - 312 б.

 

6-дәріс Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері.

Жер шарындағы экологиялық жағдай күннен-күнге шиеленісе түсуде. Бүрын-соңды болмаған саяси-әлеуметтік, экономикалық даму үрдістерінен қоғам өзіне ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығырықтан шығу жольш іздестіруде. Дүниежүзілік өркениетті елдер арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастардың артуы мемлекеттік экологиялық сараптауды күшейтуді қажет етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тазалығына сараптама жасау 1980 жылдан бастап-ақ қолға алынған. Өйткені химиялық тыңайтқыш арқылы алынған өнімдер өлдеқайда арзан, ал таза өнімдердің бағасы жоғары болып келеді. Мүндай экологиялық сараптау — адамдардың денсаулығына тигізетін әсеріне жасалған "қорытынды" деп түсіну керек.

Күн өткен сайын экологиялық проблемалар кебейіп, оларды шешу жолдары қиындай түсуде. Сондықтан экологиялық проблемаларды шешу жеке адамның ғана емес, қоғам мен мемлекеттің де міндеті болмақ. Кдзіргі кезде дүние жүзіндегі дамушы және дамыған елдерде табиғат ресурстарын игеру нарықтық қатынастьщ бастамасы болып отыр. Нарықтық жағдайда табиғат ресурстарын өндіру, өңдеу жөне пайдалану барысында жаңа экологиялық үғымдар мен түсініктер қалыптасуда. Өнімнің қүны ендігі жерде бүрынғыдай "қажетті зат" емес, экологиялық таза өнім ретінде бағалануы тиіс. Өнімдердің экологиялық қүны орта сапалылығымен өлшенеді. Сондықтан экологиялық таза өнімнің өте жоғары бағалануы қазірдің өзінде нарықтық ортадан орын алды. Ендігі жерде бүрынғыдай өнімнің санына емес, сапасына көңіл бөлінеді. Ол үтттін адам жердің, ауаның, судың тазалығы қажет екенін түсіне бастады.

Таза өнім өндіру үшін табиғи ортаның сапасын жақсартып, ластануға жол бермеу шаралары қатар жүргізілуі керек. Ол үшін өндіріске жаңа экологиялық технологияны енгізу қажеттігі туып отыр. Осының бәрі бүгінгі күні барлық адамзаттың мойындап отырған экологиялық маркетинг жүйесін іске қосудың алғы-шарттарын білуді қажет етіп отыр. Ол — ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өшмдерінің барлық түріне экологиялық сараптама жасау болып табылады. Ойткені мемлекеттер арасындағы импорт пен экспорт өнімдерінің тасымалдануы күшейе түсуде. Солардың ішінде тамақ, темекі өнгмдерінщ сапасыньщ төмендігі, сырттан келетін дәрі-дәрмектің сапасы мен қолдану мерзімішң өтіп кетуі байқалып отыр. Әсіресе өнеркәсіп бүйымдары арзан синтетикалық заттардан жасалынса, косметикальщ заттардьщ сапасы бүгінгі күннің талабына сай емес. Осының бәрі адам денсаулығына зардабын тигізіп, тері, жүқпалы және аллергияльщ, т.б. ауруларды көбейтуде.

Әлемдік экологиялық проблемаларды шешу үшін, ең алдымен олардың пайда болу себептерін білу қажет. Экологиялық проблемаларды шешудің тиімді жолдарын анықтау табиғи ортаны сауық-тырудың бірден-бір жаңа багыты болмақ.

Қалыптасқан экологиялык мәселелерді шешудің негізгі ғылыми бағыттары мен оны жетілдіру жолдары айқындала бастады. Олардың негізгілері:

— экологиялық білімді жетілдіру;

— экологиялық сараптама;

— экологиялық мониторинг;

— экологиялық маркетинг;

— экологиялық бизнес;

— экологиялық нарық;

— экологиялык менеджмент.

Экологиялық білім— балабакша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғары оқу орыңдарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен үйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

Әкологиялық сараптама— негізінен, табиғат қүрауыштарының өзгеруін, өнімдердің барлық түрлерін, сол сияқты адамдардың денсаулығына тигізетін зиянды зардабьш анықтайды. Сараптаманың бірнеше тәсілдері бар.

Экологиялық мониторинг— қоршаған ортадағы табиғат күбылыстарын түрақты бақылау мен тексеру жүйесі. Ол 3 сатыдан түрады: негізгі жағдайды бақылау, бағалау, алдын ала болжау. Экологиялық мониторинг щттыц, аймацтыц жөне жергілікті деп жіктеледі.

Маркетинг — кез келген шаруашылық саласынан пайда табуды жүзеге асыратын шаралар жүйесі. "Маркет" сөзі ағылшынша "нарық" және "енімдерді сату мен сатып алу" деген үғымды береді.

Экологиялық маркетинг— табиғат ресурстарын тиімді пайдала-нудың барлық жаңа технологиясын сақтай отырып, экологиялық таза енім өндіруді жүзеге асыратын экологиялық бизнес жолы. Экологиялық маркетингтің негізгі мақсаты — тауарларды сату мен сатып алу барысындағы барлық іс-өрекеттерді экологияландыру. Ал оньің шешуші міндеттері — жаңа қоғамның талабына сай экологиялық таза онімді ©ндіру мен сатудың тиімді жолын үсыну.

Экологиялық бизнес.Бизнес—жекелеген немесе бір топ адамның өздерінің ынтасымен пайда табудың мол көзін іздестіру. Бүл мөселеде де табиғат ресурстары бизнестің кезіне айналады. Соньщ нәтижесінде, жекелеген табиғат ресурстары жойылып кетуі мүмкін. Осыған орай, табиғат байлығын бизнес көзіне айналдыру бүрынғыдай емес, экологиялық талапқа, заңға сәйкес жүргізілуі тиіс. Экологиялық бизнеспен қатар табиғатқа нүқсан келтірмеу, оны бүрынғы қалпына келтіру қарастырылады. Оны бақылауды қоғамдық және мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады. Экологиялық бизнес жүйесінің қүрылымы 6-сызбанүсқада келтірілген.

Экологиялық нарық.Экологиялық нарық — түтынушыларға экологиялық жағынан сапасы жоғары өнімдерді сату мен сатьш алуды жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Экологиялық нарық — экологиялық өнім мен экологиялық қызметтен түрады. Экологиялық өнімдер табиғат ресурстарын пайдаланудьщ қоршаған ортаға зиянсыз өр түрлі жолдарын қарастырады. Ал экологиялық қызмет өз кезегінде зат өндіру барысындағы барлық технологияны сақтау шараларына бақылау жасап отырады. Соның нәтижесінде табиғатқа көп шығын келтіруге жол бермейді. Ол, негізінен, бақылау мен айып салу арқылы жүзеге асады.

Экологиялықменеджмент. Экологиялық бизнес талаптарын орындау менеджмент шегінде ғана жүзеге асуға негізделген. Ол

экологиялық маркетинг ережелері мен талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Менеджмент—барлык бизнес жүйесіндегі жүмыстардың үйлестірушісі. Ал оны жүргізуші адамды менеджер дейміз. Менеджер — өз ісінің шебері болумен катар, білікті маман әрі экологаялык сауатты болуы керек. Өйткені ол бүкіл экологаялық маркетинг жүйесіндегі пайда табудың көзін қоғамның экологиялық-экономикалық мүддесіне лайықтап жүргізетін елінің патриоты болуы тиіс.

Менеджменттің сан алуан түрлері дамып келеді. Олар: қаржы, өндіріс, әнімдерді реттеу, өкімшілік, маман дайындау, т.б.

Қорыта айтқанда, бүгінгі ғаламдық экологиялык проблема-лардың ядросы адам баласының материалдық және моральдық қажетін ©теу. Ол үшін — табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың маркетингтік жүйесі іске қосылды. Оны өз деңгейінде түсіну және нарықтық жағдайдағы бизнес көздеріне бақылау жасау мемлекеттік әрі қогамдық игі істер екенін білуіміз керек.

 








Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 6311;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.028 сек.